Білім күні құтты болсын!

Бүгін колледж алаңында 1 қыркүйек-білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Білім ордамызға жаңадан қабылданған талапкерлермен ата-аналарын, ұжымды білім
күні мерекесімен құттықтаған колледж директоры Жадыра Жиенғазықызы жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Салтанатты шараға арнайы келген қонақтарымыз Шалқар аудандық әкімінің орынбасары Е.Құдайсүгіров және Шалқар вагон жөндеу депо басшысы Н.Әлжанов биылғы талапкерлерімізге сәттілік тілеп,жақсы маман болуларына тілек білдірді.Сондай-ақ,серіктес мекеме басшысы жұмысқа орналасу бойынша қолдау білдіретіндігін атап өтті.
Колледж басшысы Ж.Жұқатаева жаз бойы “Жасыл ел” жасағында жақсы жұмыс нәтиже көрсетіп,былтырғы оқу жылы бойы қоғамдық шараға белсене қатысқан студенттерімізді және облыстық,аудандық шараларда қолдау білдіріп жүрген ата – аналарға “Алғыс хат”табыстады.
Ары қарай,ата – аналар ізгі тілектерін арнап, колледж өнерпаздары патриоттық әндерін орындап мерекелік көңіл күй сыйлады. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге
жетелесін. Шығармашылық табыс,отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Колледж табалдырығын алғаш аттаған студенттерімізге сәттілік жолдас болсын! Мереке құтты болсын!

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *