24 маусым күні “Шалқар аграрлық-техникалық колледжінде” “Жас маман-2022” түлектеріне диплом табыстау салтанатты жиын өтті.
24 маусым күні “Шалқар аграрлық-техникалық колледжінде” “Жас маман-2022” түлектеріне диплом табыстау салтанатты жиын өтті. Жиын барысында үздік, белсенді студенттерге алғыс хат табысталды. Салтанатты жиынымызда колледжіміздің басшысының м.а Жұқатаева Жадыра Жиенғазықызы сөз сөйлеп, жас түлектерге ақ жол тіледі. Салтанатты жиынымыздың қонақтары Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Ақшолақ Қайрат Серікбайұлы. “Қамқор Локоматив” ЖШС филиалының Шалқар сервистік орталығының еңбек қорғау және техника қауіпсіздік инженері Жұмағұлұлы Ғабит. Жұмыспен қамту орталығының маманы Алданова Айгерим Орысбаевна. Шалқар ауданының қорғаныс жөніндегі бөлім бастығы подполковник Сақып Мирамбек Есетұлы. “Аманат” партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шамбалаев Жарылғасын Талмырзаұлы және де әскер қатарынан қосылған студенттеріміз жас түлектерге өз лебіздерін білдірді.
2022 жылда Шалқар аграрлық -техникалық колледжінен
»Тепловоз машинисінің көмекшісі”
“Аспаз”
“Кондитер”
”Тігінші”
” Өндірістердегі электірлік- механикалық жабдықтар”
“Слесарь вагондарды қараушы”
“Кең бейімді құрылыс жұмыстарының шебері” мамандықтары бойынша 176 студент бітіріп отыр. Бітіруші 176 студенттің ішінде 5 студент “Үздік” диплом иегері атанды. Бұлда болса біздің мерейіміз. Біз де өз кезегімізде, студенттерімізге бізден алған білімдеріңіз болашақта сіздерді үлкен мақсатқа жеткізсін демекпіз.
Сәт сапар жас түлек!
#шалқараграрлықтехникалықколледжі
#жастүлек2022