Конкурс жариялайды:

«Шалқар аграрлық-техникалық колледжі»  КММ-сі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бос басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарының лауазымына конкурс жариялайды:

Мекен жайы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимарат

Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарының   лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

  тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

    немесе білім беру ұйымының “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы.

Лауазымдық міндеттері:

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының қызметін ұйымдастырады;

 

      оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады;

 

      білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді;

 

      білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оқу жылына педагогтердің тарификациялық тізімін әзірлейді, педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосының толтырылуын бақылайды;

 

      оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

 

      білім алушыларды ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

 

      тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады және оған қатысады, оларды басшыға ұсынады;

 

      педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады;

 

      педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;

 

      оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

 

      оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;

 

      ғылыми-әдістемелік кеңестерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

 

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

 

      оқу жұмысы бойынша есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;

 

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру( растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;

 

      білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі

 

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 

      6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 

      10) Мемлекеттік білім беруұйымдарының біріншібасшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша Нысан педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, санаты, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

 

 

Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.

 

Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру  Колледждің  ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, «Шалқар аграрлық техникалық колледжі» КММ-не мына мекен-жайға тапсыруы қажет: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимрат .«Шалқар аграрлық техникалық колледжі» КММ .Анықтама телефоны: (871335) 62-0-15, e-mail: aibol_98.97@mail.ru

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ақпан айының 21-28 аралығында

 

Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.

 

 

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *