17 қараша студенттер күніне орай ‘Student’s day’ атты мерекелік іс-шара аталып өтті.
Бүгін 17 қараша – студенттер күніне орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен “Student’s day” атты мерекелік кеш өтті. Кеште студенттерді атаулы мерекесімен колледж директоры Ж.Ж.Жұқатаева құттықтап алғысын білдіріп,оқу жылының басынан бері үздік және белсенді деп танылған студенттерді марапаттады.І курс студенттеріне үлгерім кітапшасы мен студенттік билеттері табыс етілді. Сонымен қатар, колледж студенттерін құттықтау үшін арнайы келген Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Ембергенов колледждің Жастар комитетінің жанынан құрылып, сайланған Студенттік парламент мүшелерін құттықтап, жұмысына және студенттерге сәттілік тіледі.
📌Студенттік парламенттің арнайы ұйымдастырып , жүргізген сауалнамасы негізінде үздік студенттер анықталып, марапатталды.
Әрі қарай мерекелік кешті колледж жастары, студенттер әдемі концерттік бағдарламасымен жалғады.