«Жұмыс беруші күні» іс-шарасы аталып өтті.
Ағымдағы жылдың қараша айының 15 күні колледжімізде ҚР Оқу – ағарту министрлігінің «Жұмыс беруші күні»тұжырымдамасына сәйкес колледжде кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушімен арадағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында «ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ» іс-шарасы аталып өтті.
Шараға ауданымыздағы серіктес мекемелеріміз және колледж түлектері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шара барысында жұмыс берушілерге арнайы көрме ұйымдастырылып, білім алушылардың мамандық бойынша жасалған жұмыстары көрсетілді. Өз кезегінде арнайы бағдарлама бойынша кәсіпорындармен өзара іс – қимыл жасау үшін академиялық дербестік,дуальды оқыту, кәсіпорындарда педагогтердің тағылымдамасында басшылыққа алынатын түсіндіру жұмыстары, мамандықтар туралы негізгі нормативтік – құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстары слайд түрінде
және колледж түлектері жеке кәсіпкер ретінде өз жұмыстарымен таныстырды.
Жұмыс берушілер білім алушылармен ашық іскерлік диалог алаңында кездесіп, брефинг және тренигке қатысты.
Жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандум жасалып үш жақты келісімге қол қойылды. Шара соңында колледж директоры Ж.Ж.Жұқатаева іс – шараны қорытындылап, жұмыс берушілерді марапаттап, алдағы уақытта жастардың сапалы білім алып,жұмысқа орналасып жақсы маман болу жолында мұндай пайдалы іс- шаралар өз жалғасын табатынын атап өтті.