“Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру”тақырыбындағы қоғамдық жаратылыстану бағыты бойынша апталықтың аясында бүгін Т -102 тобында география пәні оқытушысы Қ.Қосбармақовтың ұйымдастыруымен “Геосаясаттың өзектілігі және дүниежүзінің геосаяси кеңістігі”тақырыбында ашық сабағы өтті.
Колледж әдістемелік бірлестік жоспарына сәйкес сәуір айының 03-07 аралығында “Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру”тақырыбындағы қоғамдық жаратылыстану бағыты бойынша апталықтың аясында бүгін Т -102 тобында география пәні оқытушысы Қ.Қосбармақовтың ұйымдастыруымен “Геосаясаттың өзектілігі және дүниежүзінің геосаяси кеңістігі”тақырыбында ашық сабағы өтті.
Геосаясат ұғымына анықтама беру,геосаясаттың мақсаты мен міндетін, зерттеу пәнін түсіндіру және дүниежүзіндегі ірі геосаяси оқиғаларды атап, оларды талдау мақсатында өткен сабақ барысында түрлі әдіс – тәсілдер қолданылып,студенттер сабаққа белсене араласты.