“Еңбек күні” мерекесі атап өтілді!

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14 жұлдызында жас мамандарымызға еңбек ардагерлерін насихаттау,еңбек жолын дәріптеу мақсатында “Қамқор вагон жөндеу депосы” Шалқар филиалында «Еңбек күніне» » арналған ауқымды іс – шара өтті.
Шара бағдарламасы бойынша алғы сөз мекеме басшысы Нұрым Дәрібайұлына беріліп,еңбек күнімен құттықтай отырып,серіктес мекемеге арнайы экскурсия ұйымдастырылды.Темір жол саласында құрметті демалысқа шыққан ардагерлер,үздік теміржолшы және «үздік маман» иелерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.Шара соңында ынтамақтастықты нығайтып,сапалы білім мен тәжірибені ұштастыру жолында атқарылып жатқан еңбек үшін колледж директоры Жадыра Жиенғазықызы мекеме ұжымына және басшылығына өз алғысын білдіріп,сый-сияпат ұсынды.Өз кезегінде серіктес мекеме басшысы Нұрым Дәрібайұлы бүгінгі шараның жоғары деңгейде өткізілгенін және алдағы уақытта да жас мамандар мен түлектерге қолдау білдіретінін атап өтіп,колледж ұжымына “Алғыс хат” табыс етті.Өнімді ісімен ілгері басып, өрге озған азаматтардың өнегесін алып, көпшілікті адал, табысты еңбекке, жетістікке жетелеп жүрген жандарды жас ұрпаққа насихаттау мақсатындағы мұндай іс – шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *