Кітапхана

Шалқар аграрлық – техникалық  колледжі кітапханасының жалпы ауданы 121,2кв/м. Кітапханада  кітапханашы саны 1, оқу залы кітапханамен бірге, қоймада 11 кітап жинайтын сөрелер, 1 жазу столы, 50 орындық, 12 стеллаж . 

     Кітаппен қамтамасыз етудің лицензиялық нормативі – әр оқылатын пән бойынша 1 студентке оқу әдебиеті бірлігінің саны-25.  

     Туған жерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай; «Тарихы терең, байлығы ерен –Туған жер», «Тарихыңды таны еліңді құрметте» «Абай –ғажайып, дара тұлға», «Рухани жаңғыру; білім мен бірліктің дамуы», «Ұлы даланың жеті қыры», «Ұлы дала мәңгілік ел» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылды. Кітапханада Internet желісі бар,  512кб/с жылдамдығымен желіге қосылған.

     Осы көрсеткіш бойынша Шалқар аграрлық – техникалық  колледжі кітапханасы лицензиялық талаптарға сәйкес келеді. Колледж мамандықтарының саласына сәйкес оқытушылар мен студенттердің ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес оқу үрдісін қажетті әдебиеттермен ақпараттармен қамтамасыз етуде,Шалқар аграрлық – техникалық  колледжі  ҚРБжҒМ нормативті- құқықтық құжаттарын, білім беру жүйесінің кітапхана ісі бойынша әдістемелік нұсқаулықтарын басшылыққа алады.

Кітапханада студенттердің қатысуымен танымдақ сағаттары, атаулы даталарға, мерекелерге байланысты әр түрлі бағыттағы іс-шаралар өткзіліп тұрады. Шалқар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылармен де  біріккен  іс- шаралар, өткізіліп тұрады.

    Кітапхана ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтеріне сәйкес оқу үдерісін оқу және әдістемелік әдебиеттермен толық қамтамасыз етеді. Кітапханада жалпы кітап қоры 3783, оның ішінде мемлекеттік тілде 320, оқулықтар мен әдістемелік құралдар, 18, көркем әдеби кітаптар 127, электронды оқулықтар 18. Жалпы білім пәндері бойынша соңғы бес жылда оқулықтар, оқу әдістеме құралдары «Мектеп», «Арман ПВ» баспасынан  тапсырыс беру арқылы оқулықтар алынды, ал арнайы пәндер бойынша «Академия-Медия»,баспаларына тапсырыс беру арқылы 465 кітап сатып алынды, «Кәсіпқор» холдингі 18  электрондық кітап алынды. 2020 жылы газеттер мен журналдардың саны 95 атауды құрады.

    «Ұлттық аударма бюросынан» 90 кітап алынды.

     Колледж кітапханасы-пайдаланушылардың талаптарын толық және жедел қанағаттандыруға бағытталған қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар негізінде қызмет ететін инновациялық ақпарат орталығы.

-Алфавиттік, жүйелік каталогтар;

-Инттернет желісі;

-Библиографиялық көрсеткіштер,анықтамалықтар, энциклопедиялар, сөздіктер;

-Электронды оқулықтар

-Колледж сайты,кітапхана бөлімі-платонус

-Кітапхана оқырмандары библиографиялық ақпаратты  жүйелік және алфавиттік каталогтыпайдалану арқылы таба алады. Жүйелік 1-12 аралығында ұяшықтарда, жаратылыстану ғылымдары, қоғамдық ғылым, тіл білімі, экономика саласы бойынша орналасқан. Картотекалар библиографиялық сипатқа сәйкес, стандартқа сүйене отырып толтырылады.

-Алфавиттік каталог 12 ұяшықтан тұрады.

Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің кітапханасын палдалану ережесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орта кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасының типтік ережесіне» (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 17.08.2000 жылғы бұйрығы) сәйкес әзірленген.

Шалқар аграрлық-техникалық колледж  кітапханасы – колледждің оқу-тәрбие үрдісін, библиографиялық ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол білім таратудың рухани және интелектуалдықатынсатың, мәдениеттің орталығы болып табылады.

Өз міндетінде кітапхана Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы», «Мәдениет туралы», «Тіл туралы», «Еңбек туралы» заңдарын кітапхана туралы құжаттармен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің басқа да нормативті актілерін, білім беру ұйымының оқу жоспары мен бағдарламасын және осы ережені басшылыққа алады.

                                   Жалпы кітапхана туралы мәлімет

Жалпы білім беру пәндері бойынша оқулықтарАрнайы пәндер бойынша оқулықтар саныӘдеби оқулықтар саныӘдістемелік оқулықтар саныАнгЭлектронды оқулықтар саныКітапхана қоры
1234567
17312530270125751184849

Оқулықтар қазақ тілінде 3394 орыс тілінде  1455 ,электронды басылымдар 118

Мерзімді басылымдар-қазақ тілінде 10

Кітапхана қорын толықтыруда Каз Почта бөлімшесінен газет-журнал өнімдеріне жазылу үшін шарт жасалған