«Шалқар аграрлық-техникалық колледжі»  КММ-сі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бос  дәнекерлеу ісі мамандығы  бойынша өндірістік оқыту шебері лауазымына конкурс жариялайды:

Мекен жайы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимарат

Өндірістік оқыту шебері   лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;

      сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;

      еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;

      білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;

      топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;

      оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;

      оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;

      білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;

      қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 

      6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 

      10) Мемлекеттік білім беруұйымдарының біріншібасшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша Нысан педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, санаты, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

 

 

Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.

 

Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Колледждің ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, «Шалқар аграрлық техникалық колледжі» КММ-не мына мекен-жайға тапсыруы қажет: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимрат.«Шалқар аграрлық техникалық колледжі»КММ . Анықтама телефоны: (871335) 62-0-15, e-mail: aibol_98.97@mail.ru

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: тамыз айының 19-25 аралығында

 

Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *