“Рабиға Сыздықова және тіл мәселелері» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар байқауы өтті.
“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен
Ақтөбе гуманитарлык колледжінің 100 жылдық мерейтойына орай 1940 жылы учелище түлегі, оку орынын мақтанышы, тіл мәселесін ғылыми денгейде зерттеп, зерделеп енбектері бірнеше тілге аударылған филология Ғылымдарының докторы Рабиға Сыздыкованың өмірі және ғылыми еңбектерімен таныстыру, артында педагог мамандарына ғалымның өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық және ғылыми-зерттеу танымдарын толыктыру мақсатында “Рабиға Сыздықова және тіл мәселелері» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар байқауы өтті.
Аталмыш байқауға колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Науанованың жетекшілігімен І курс студенті Еспағанбетова Үміт ” Рабиға Сыздықова – сөздерге жан бітірген ғалым”тақырыбында өз жобасын қорғап,жүлделі ІІІ орынды иеленді.