Өндірістік сабақ
Ағымдығы жылдың сәуір айының 02 күні колледжіміздің жол бригадирі мамандығының студенттері өндірістік оқыту шебері Г.Шаншарованың ұйымдастыруымен бір күндік өндіріс сабақтарын көрсетті.
Қазіргі таңда студенттеріміз ауданымыздағы темір жол мекемесі Шалқар жол дистанциясында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Жылжымалы құрамның кідірісін болдырмас үшін аймақ теміржолшылары жол жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.Бүгін студенттеріміз бір күндік тәжірибе барысын көрсетті. Студенттерге техникалық қауіпсіздік ережесі түсіндіріліп, арнайы киімдері қадағаланып, топ-топқа бөлініп ұйымдастырылды.Жалпы жөндеу жұмыстары арнайы тапсырма бойынша ұйымдастырылады.Осы процестерді болашақ жас мамандарымыз тәжірибе жүзінде көріп,теориялық алған білімдерін өндіріспен ұштастыруда.