«Ерте жүктіліктің және студенттердің, репродуктивті денсаулығының алдын алу» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 16 наурыз күні Алматы, Қызылорда, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының 200-ден астам ТжКББ ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтері, топ кураторларымен «Ерте жүктіліктің және студенттердің, репродуктивті денсаулығының алдын алу» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел өтті.
Әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру, жастар арасында кездесетін, жасөспірімдік жаста туындайтын физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелік жағдайлардың себептерін талқылау бағытында тиімді. тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, дөңгелек үстел қатысушыларына сәттілік тіледі.
Шара барысында озық тәжірибелі әр облыстың ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Ұлттық педагогикадағы қыз бала тәрбиесінің, өзектілігі», «Білгеніңнен, білмегенің көп әлі…», «Дұрыс тарбие- дені сау ұрпақ өсуінің кепілі», «Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау», <<Жасөспірім қыздар арасында моральдық және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тәрбие беру», «Ерте жүктіліктің алдын алу және оның жауапкершілігі», «Жасөспірімдік жүктіліктің психологиялық аспектілері», «Жастар денсаулығы — көкейкесті мәселенің бірі» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жоспарға сәйкес өткізілген республикалық дөңгелек үстел сонында ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, кері байланыс жасалды.Аталмыш шараға колледжімізден ТІЖО Г.Сейітжан және топ кураторлары қатысты.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *