“Шыңғыс Айтматов әлемі” атты Республикалық Айтматов оқулары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы Ұлы жазушы , ойшыл-гуманист,қазақ қырғызға ортақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 95жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Айтматов шығармашылығын насихаттау арқылы әлем әдебиеті, мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатынды 2023 жылдың 28 сәуір күні “Шыңғыс Айтматов әлемі” атты Республикалық Айтматов оқулары өтті.Байқауға колледжіміздің намысын қорғап, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Науанова Айгерім Қуанышқызының жетекшілігімен, Меңдіғаринов Қажымұқан, Орынбаев Мадияр барып қатысып қайтқан болатын. Аталған байқауға Республиканың түкпір-түкпіріндегі колледждерден жалпы саны 60 қатысушы келіп бақ сынасты. Біздің қатысушыларымыз Айтматов шығармалырының ішіндегі “Ақ кеме” және “Шыңғыс ханның ақ бұлты” атты туындыларын орындаған болатын. Нәтижесінде, “Алғыс хат ” иегері атанып келді.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *