“Алаяқтыққа қарсы күрес”

Ағымдағы жылдың 18 мамырында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа жарсы мәдениетті қалыптастыру туралы жоспарының 1 тармағын орындау және облыс прокуратурасының “Алаяқтыққа қарсы күрес” жоспарының 8-9 тармақтарын орындау мақсатында Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері Ж.Жеткерген және А. Бақытқалидің қатысуымен колледж ұжымына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін және экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектеп, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендететінін атап көрсету. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру, маңыздылығын түсіндіру.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *