Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында үстел теннисінен қыздар арасында аудандық біріншілігі өтті.
Ағымдағы жылдың мамыр айының 16 күні ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында үстел теннисінен қыздар арасында аудандық біріншілігі өтті.Колледж намысын қорғаған әріптесіміз Жетесова Жайнагүл үздік ойын көрсетіп,жүлделі І орынды иеленсе,колледж түлегі Джаманбаева Альбина жүлделі ІІІ орынды иеленді.Бүгін колледж директоры Ж.Жұқатаева колледж абыройын асқақтатқан әріптесіміз Ж.Жетесованы құттықтап,алдағы уақытта болатын үлкен жарыстарда колледж абыройын биіктердерден көрсете беруіне тілектестігін білдірді.Біз де өз кезегімізде қай жарыстан да жүлделі орынсыз қайтпайтын әріптесімізді құттықтай отырып,тек сәттілік тілейміз.