Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің серіктес мекемелермен үш жақты келісім негізінде
Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің серіктес мекемелермен үш жақты келісім негізінде ауданымыздағы ірі темір жол мекемесі Қамқор вагон жөндеу депосында,энергосистема мекемесінде колледжіміздің электромонтер мамандығы бойынша өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттерімізге бүгін колледж директорының ӨОЖ орынбасары Қ.Қосбармақов барып,өндірістік тәжірибенің өту барысына бақылау жасап қайтты. Өндірістік оқыту шебері Бекбай Асем ұйымдастыруымен аталған мамандық студенттері бес мекемеден теориялық алған білімдерін өндіріспен ұштастыруда.