«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ КЕПІЛІ» АТТЫ КӘСІБИ БАҒДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ КЕПІЛІ» АТТЫ КӘСІБИ БАҒДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Бүгін жеке қорғаныс құралдары кәсіпорындары одағының бастамасымен облыс әкімдігінің қолдауымен Қазақстан жастары үшін білімге ұмтылу, еңбекқорлық пен отансүйгіштікті дәріптеу, сонымен бірге отандық оқу орындарымен кәсіби бағдарланған жұмыстар жүргізу мақсатында «Мамандық таңдау- табысқа жетудің кепілі» тақырыбында облыстық конференция өтті.
400-ге жуық оқушылар мен колледж студенттері қатысқан облыстық семинарда Шалқар аграрлық-техникалық колледжінен кәсіптік бағдар жұмысының жауапты маманы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а. Г. Сейтжан, өндіріс шеберлері Б. Жанғанашова мен Г. Егізбай және де аспаз мамандығының 3 курс студенті А. Кенесбаев қатысты. Шара барысында колледж студенттерінің қол-өнер бұйымдары, жетістіктерінен құралған көрмемен қатар, колледж оқытушыларының қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарды даярлауда жеткен жетістіктері мен артықшылылқтарын таныстырды.
Колледжіміздегі қызмет көрсету саласындағы тігінші және аспаз мамандықтары мектеп оқушыларына шебер – кластар көрсетіп, қыр-сырымен бөлісе отырып, облыс орталығындағы колледждермен тәжірбие алмасты.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *