Шалқар аграрлық – техникалық колледжінің “Тепловоз машинисінің көмекшісі” мамандығы студенттері…

Шалқар аграрлық – техникалық колледжінің “Тепловоз машинисінің көмекшісі” мамандығы студенттері үш жақты келісім негізінде Қамқор Локоматив жөндеу депосы Шалқар сервистік орталығынан өндірістік тәжірибеден өтіп келеді.Өндіріс сабақ бойынша студенттер қатысымы мен қауіпсіздігі және сабақтың жүйелі ұйымдастырылуы өндірістік оқыту шебері Г.Б.Демеубаеваға жүктелген.Студенттердің теориялық алған білімдерін,өз мамандықтары бойынша практикалық тұрғыда ұштастыру мақсатында колледж «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ – «ЖЕМ ПАЙДАЛАНУ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫ» ФИЛИАЛЫмен келісім шартқа отырып,аптасына бір күн лобороториялық-практикалық сабақ өткізуге мүмкіндік жасауда.Басшының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Қ.К.Қосбармақовтың бақылауымен арнайы пән оқытушылары жоспар бойынша теориялық сабақтарын өткізсе,мекеме тарапынан бөлінген маман практикалық тұрғыда көрсетіп,студенттерге мамандығына деген қызығушылының артуына үлкен мүмкіндік жасауда.Болашақта жоспар бойынша жақсы нәтиже көрсеткен студенттерді оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру мәселесі қаралуда.

#шалқараграрлықтехникалықколледжі
#өндірістікоқыту

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *