Кәсіптік бағдар жұмысы
Ағымдағы жылдың Наурыз айының 2 -ші жұлдызында колледжіміздің кәсіптік бағдар жұмысына сәйкес жауапты оқытушылар Г. Турегалиева, А. Қартбаева, Р. Құдайбергенованың ұйымдастыруымен оқушыларға дұрыс мамандық таңдау, колледж өмірін және аумағын таныстыру мақсатында ауданымыздағы #3 ЖОББМ мектебінің 9 сынып оқушыларына колледж өмірін, студенттер жатақханасын және шеберхана мен өндірістік оқыту сабақтарын таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жауапты оқытушылар мектеп тәрбие ісі бөлімі мен қосымша білім беру маманымен бірлесе жоспар құрып 2023-2024 оқу жылында ашылатын мамандықтармен, сонымен қатар колледж аумағын, сабақ барысын таныстырды. Аудан мектептерінде кәсіптік бағдар жұмыстары жыл бойы жүргізіледі.