«Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» КММ-сі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бос дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша арнайы пәнінің оқытушысы лауазымына конкурс жариялайды:
Мекен жайы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимарат
Арнайы пән оқытушысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім
біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Мемлекеттік білім беруұйымдарының біріншібасшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша Нысан педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, санаты, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.
Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Колледждің ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, «Шалқар аграрлық техникалық колледжі»К ММ-не мына мекен-жайға тапсыруы қажет: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25. «Шалқар аграрлық техникалық колледжі» КММ .Анықтама телефоны: (871335) 62-0-15, e-mail: aibol_98.97@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі: тамыз айының 19-25 аралығында
Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.