2024-2025 оқу жылына құжат қабылдау

Шалқар аграрлық – техникалық колледжінде 2024-2025 оқу жылына құжат қабылдау 25 маусымнан басталады.Әр үміткер мамандық пен колледжді таңдай алады.Құжаттарды “электрондық үкіметтің” сайты арқылы немесе колледждің қабылдау комиссиясына тапсыруға болады.

Онлайн тапсыруға арналған құжаттар тізімі:
1. Ата – ана немесе заңды өкілі толтырылған және ЭЦК көмегімен қол қоятын электрондық өтініш

2. Білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі

3. № 075 -У нысанындағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін 031 -У нысаны бойынша Медициналық – әлеуметтік сараптаманың қорытындысы талап етіледі)
4. 3*4 см сандық фотосурет

Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру үшін мыналарды ұсыну қажет:
1. Құжаттарды қабылдау туралы өтініш
2. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы
3. Өлшемі 3*4 см болатын төрт фотосурет
4. № 075 -У нысанындағы медициналық анықтама
5. Жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін). Жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке немесе заңды өкілдер ұсынады.

Егер талапкер бірінші мамандыққа конкурс бойынша өтпесе,жүйе автоматты түрде екінші мамандыққа ауыстырады
Барлық сұрақтар бойынша
8 71 335 30 3 95 номеріне хабарласа аласыз.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *