Қариясы бар ел – қазынасы бар ел.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақты ұмытпай, мейрам қарсаңында колледжіміздің директоры Жадыра Жиенғазықызының бастамасымен колледж әкімшілігі “Асем”мейрамханасында колледжімізде біраз уақыт қызмет етіп, еңбегін сіңірген қарттарымызға ақ дастархан жайып,сыйлықтар ұсынып,құрмет көрсетті.