РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

1 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойына орай «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі мамандар даярлаудың озық дамуы: тәжірибе, проблемалар, болашақтың модельдері>>> атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
* Ғылыми-практикалық конференция мақсаты мамандар даярлау ісіндегі цифрлық технологияны қолданудағы жаңашылдық пен ізденістерді ортаға салу. Кәсіби дамудағы шығармашылық және зерттеушілік қабілеттегі дағдыны жетілдіру.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығымен бірге ұйымдастырылып отырған республикалық ғылыми-практикалық конференцияға Астана, Қызылорда, Алматы, Жетісу, БҚО, Атырау, Шымкент қалаларының кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарынынан 70 жуық педагог online/offline форматта бес бағыт бойынша қатысты.
Аталмыш конференцияға колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Науанова қатысып баяндама жасап “Алғыс хат”иеленсе,Ж.Жұқатаева Ж.Алдерзина және Г.Демеубаева өз баяндамасын жинаққа ұсынып,сертификат иеленді.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *