«Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» КММ-сі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы мамандығының арнайы пән оқытушысы лауазымына конкурс жариялайды:
«Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» КММ-сі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы мамандығының арнайы пән оқытушысы лауазымына конкурс жариялайды:
Мекен жайы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимарат
Арнайы пән оқытушысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл, педагог – шебер үшін-5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
Оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың оқуын әдістемелік ғылыми деңгейде өткізеді, олардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.
Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу және орындауға қатысады, білім алушылардың білім сапасына жауап береді.
Оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасайды.
Білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және бейімділіктерін зерделейді.
Білім алушыларда кәсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырады, алған білімдерді тәжірибелік қызметте қолдануға оларды дайындайды, бітірушілерді даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Мемлекеттік білім беруұйымдарының біріншібасшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша Нысан педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, санаты, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.
Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Колледждің ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, «Шалқар аграрлық техникалық колледжі» КММ-не мына мекен-жайға тапсыруы қажет: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимрат .«Шалқар аграрлық техникалық колледжі» КММ .Анықтама телефоны: (871335) 62-0-15, e-mail: aibol_98.97@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі: тамыз айының 15-25 аралығында
Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.