Есет батыр Көтібарұлы кесенесіне экскурсия ұйымдастырылды.

Колледж әдістемелік бірлестік жоспарына сәйкес сәуір айының 03-07 аралығында “Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру”тақырыбындағы қоғамдық жаратылыстану бағыты бойынша апталықтың аясында бүгін жоспар бойынша колледжіміздің І курс студенттеріне қазақ халқының әйгілі батырларының бірі, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Есет батыр Көтібарұлы кесенесіне экскурсия ұйымдастырылды.
Есет Көтібарұлы – ұрпақ үшін үлгі болар тұлға. Ақтөбе өңіріне ғана емес, бүкіл елімізге даңқы жайылған ол ұлтын, Отанын, халқын сүюдің айрықша өнегесі.Экскурсия барысында әулие бабамыздың өмірбаяны,тарихы,ерліктері туралы, және кесенесін таныстыру жұмыстары жүргізілді .
Студенттерімізді Отаншылдыққа тәрбиелеу, туған елін, жерін қор­ғай­тын және осы мақсат жолын­да бар күш-жігері мен ақыл-пара­са­тын аямайтын жас ұландар тәр­бие­леу,батыр бабаларымызды насихаттау мақсатындағы ұйымдастырылған бұндай шаралар өз жалғасын табады.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *