Ақтөбе облысында WorldSkills Aktobe 2023 аймақтық чемпионаты басталды.

“WORLDSKILLS АКТОВЕ-2023’АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

Бүгін Ақтөбе облысында WorldSkills Aktobe 2023 аймақтық
чемпионаты басталды.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – бұл еңбек адамының мәртебесін дәріптеу және жұмысшы мамандықтардың беделін
арттыру, шеберлік дағдыларын дамыту.
Биылғы жылы өңірлік чемпионат 66 құзыреттілік бойынша өткізіледі: веб-дизайн, электрожөндеу, аспаздық ісі, шаштараздық өнер, дәнекерлеу технологиясы, киімді модельдеу және дизайн, мехатроника және тас қалау т.б.
Чемпионатка 18 бен 22 жас аралығындағы 300-ге жуық жас болашақ кәсіпқой мамандар қатысуда.
Айта кетсек, биылғы жылы чемпионат сегізінші рет ұйымдастырылуда. Ақтөбе облысы WorldSkills Kazakhstan жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру бойынша халықаралық қозғалысты 2015 жылы бастады.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *