Республикалық жөңгелек үстел өтті

Ағымдығы жылдың наурыз айында «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» МКҚК- нің ұйымдастырумен «Қарқынды дамыған әлемде болашақ мамандарды даярлауда Тігін индустриясы мен оқу орындарының өзара іс – қимылының басымдықтары» тақырыбында Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша республикалық дөңгелек үстел болып өткен болатын. Осы дөңгелек үстелге колледжіміздің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Қуатова Күлзада Сағынайқызы қатысып, тәжірибе алмасып келді.
Республикалық дөңгелек үстелге Кармино Барбаро – «Италия» білім беру орталығының директоры, «PLIDA» халықаралық аттестаттау комиссиясының президенті, Калиев Айдархан Миралиевич- ғылым кандидаты, өнертану доценті. «Асыл- Дизайн» Сән үйінің негізін қалаушы және бас дизайнері, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, Ягодкина Светлана Владимировна- тігін өндірісі оқу- әдістемелік бірлестігінің мүшесі, Канапьянова Раушан Мусахановна- түркітілдес халықтардың дәстүрлерін сақтауға жәрдемдесу жөніндегі өңіраралық әйелдер қоғамдық ұйымы кеңесінің президенті, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. «Мәскеу әйелдер форумы» әйелдер қозғалысын дамытуға жәрдемдесу өңірлік қоғамдық бірлестігінің мүшесі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Колледждің білімалушыларының курстық жұмыс және дипломдық жоба жұмыстарының көрмесі, «Сырғалым» сән театрының көрсетілімі болды.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *