“Білікті маман – елдің тірегі”тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.
2023 жылдың 29 наурыз күні оқу әдістемелік жұмыс жоспары бойынша “Тоқыма” циклдік әдістемелік бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жас та болса,өз ісінің маманы болып жүрген тігінші Н.Мырзатаевамен “Білікті маман – елдің тірегі”тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.Кездесу барысында тігінші мамандығының қыр сыры,дизайн жұмыстары көрсетіліп,студенттер өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,жауап алды.