«Шалқар көпсалалы колледжі» КММ-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог психолог лауазымына конкурс жариялайды
«Шалқар көпсалалы колледжі» КММ-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог психолог лауазымына конкурс жариялайды:
Мекен жайы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғ
Педагог психолог лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
“Психология” мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі және бейіні бойынша жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер-5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады.
Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді.
Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды.
Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады.
Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді.
Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық).
Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Мемлекеттік білім беруұйымдарының біріншібасшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша Нысан педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, санаты, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.
Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Колледждің ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, «Шалқар көпсалалы колледжі» КММ-не мына мекен-жайға тапсыруы қажет: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимрат .«Шалқар көпсалалы колледжі» КММ .Анықтама телефоны: (871335) 30-3-95, e-mail: aibol_98.97@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі: тамыз айының 25 қыркүйек айының 2 аралығында
Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.