Конкурс жариялайды
«Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» КММ-сі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Химия пәнінің оқытушысы лауазымына конкурс жариялайды:
Мекен жайы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимарат
Химия пәнінің оқытушысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім тиісті бейіні бойынша білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі талап етілмейді.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог – зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін – 4 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады.
Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және айқындайды.
Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын, жаңа педагогтік құралдарды қолданады.
Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді.
Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Мемлекеттік білім беруұйымдарының біріншібасшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша Нысан педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, санаты, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.
Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Колледждің ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, «Шалқар аграрлық техникалық колледжі» КММ-не мына мекен-жайға тапсыруы қажет: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Кәсіпкерлік №25 ғимрат .«Шалқар аграрлық техникалық колледжі» КММ .Анықтама телефоны: (871335) 62-0-15, e-mail: aibol_98.97@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ақпан айының 12-16 аралығында
Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.