” ОСАЛ ТӘРБИЕ – ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ”тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысы өтті.

10.03.2023 жылы колледжімізде ” ОСАЛ ТӘРБИЕ – ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ”тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысы өтті.
Жиынның алғашқы сөзін колледж директоры Ж.Ж.Жұқатаева сөйлеп,қоғамдағы өзекті мәселе – құқықбұзылық және тәртіп мәселесін қозғап,әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың төмендеуіне көп септігін тигізетіндігін атап өтті.Сондай – ақ,колледж ішілік тәртіппен,студенттер үшін жасалып отырған мүмкіндіктермен таныстырды.
Колледж директорының ТІЖО Г.Сейітжан жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың есебін беріп,Шалқар ауданы ПБ ЖҚПБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Жұмабаева әйел азаматшаларға қарсы зорлық – зомбылықтың алдын алу фактілері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,іс – қимыл жадынамасын таратты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медбикесі З. Әбдікәрімова қоғам дертіне айналып отырған нашақорлық,насыбай мен темекі туралы және оның алдын алу жолдары туралы түсіндіріп,видеороликтер көрсетілді.
Колледж психологі Ш.Сейіт “Тамшы” психологиялық тренингін ұйымдастырып,сұрақ арқылы ата – ананың бала туралы ойын және ситуациялық жағдайларға байланысты шешімдерін сұрады.
Шалқар аудандық ПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. М. Жасанова ауданымызда белең алып жатқан оқиғаларды атап өтіп және заң тұрғысынан құқықбұзушылықтың алдын алмау қандай жағдайға алып келетіндігін ескертіп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Колледж инспекторы Е.Нагимбаев колледж ішкі тәртібіне бағыну тәртіптен басталатынын және ата – аналарды екі жақты бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Ата – аналар үшін арнайы “Ашық микрофон”алаңы ұйымдастырылып,көкейлерінде жүрген сұрақтарға арнайы мамандар жауап беріп,пікір алмасты.
Жиын соңында колледж директоры жасөспірімдер тәртібіне қатысты назарда тыс қалып келе жатқан мәселелер бойынша сөз қозғап,әлеуметтік желі қолданататын жасөспірімдерді қатаң бақылауды ескертті.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *