Облыстық семинар өтті
18 қазан күні “ТжКББ ұйымдарында өндірістік оқыту бойынша панорамалық сабақтың берілу тәсілі мен әдісі” тақырыбында семинар өтті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған практикалық семинар өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзіреттілігі, дуалды оқыту жүйесі мен WS тақырыбына сәйкес демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру мен бағалау барысындағы рөлі бағытында өтті. Семинарға колледжімізден барлық өндіріс шеберлері қатысып тәжірибе алмасты.