“Заң және тәртіп” айлық акциясында “Ата-ана мен білім беру ұйымы бір мүдде” тақырыбында жалпы ата аналар жиналысы өтті.
Колледжішілік “Заң және тәртіп” айлық акциясында “Ата-ана мен білім беру ұйымы бір мүдде” тақырыбында жалпы ата аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Шалқар аудандық ПБ қызметкері «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының инспекторы Журмагамбетова Бекзада Алмасқызы қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер: • Қазақстан Республикасының заңнамасында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері.
• Ата-аналардың кәмелетке толмаған балалардың тәртібі үшін құқықтық және моральдық жауапкершілігі.
• Құқықтық бұзушылықтардың салдары мен оларды болдырмау жолдары.