Әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес ” Педагогтардың білім беру сапасын арттырудағы құзіреттілікті қалыптастыру жолдары” тақырыбында колледжішілік семинар өтті.
Бүгін колледж әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне біліктілік арттыру курсынан кейінгі сүймелдеу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзіндік педагогикалық іс – әрекетін тиімді ұйымдастыруда кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша әдістемелік көмек беру мақсатында ” Педагогтардың білім беру сапасын арттырудағы құзіреттілікті қалыптастыру жолдары” тақырыбында колледжішілік семинар өтті.Семинарда “Talap” коммерциялық емес акционерлік ұйымының ұйымдастыруымен өткен екі апталық курстан өткен әріптестеріміз Г.Демеубаева,А.Бекбай,А.Куанышев және Е.Егізбай өз тәжірибелерімен бөлісті.Семинар барысында колледж директоры Ж.Жұқатаева сөз сөйлеп академиялық дербестік мүмкіндіктерін және оқу процесіндегі жаңашылдықты пен өзгерістерді айта кетті.Сондай – ақ,колледж әдіскері Жеміс Сембайқызы алдағы уақытта жоспар бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында бұндай семинарлар өз жалғасын табатынын атап өтті.