әскер қатарында борышын өтеп жүрген студенттеріміздін ата – аналарына өз елінің патриоты мен әрі жауапты тұлға ретінде адал ұл тәрбиелегендері үшін “Алғыс хат”табыс етті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы <<Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 620 қаулысына сәйкес және Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының 2023 жылғы 28 ақпанда жергілікті әскери баскару органдарының басшылық құрамымен Актөбе облысындағы «2022 жылғы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы және 2023 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына міндеттер қою» бойынша өткізілген нұсқаулык-әдістемелік оқу жиынының хаттамасының талаптарының 4 тармағын, орындау максатында “Темір жол құрылысы,жол және жол шаруашылығы”мамандығынның 18 студенттерінен мерзімінен бұрын ерте емтихан алынған болатын.
Сол студенттерімізден бүгінде 8-і әскер қатарында Отан алдындағы борыштарын өтеп жатыр.
Олар:
1.Бегімбаев Саид
2.Жақсылықов Бектас
3.Иголкин Юрий
4.Мұрат Еркебұлан
5.Мирасов Нұржан
6.Отаралин Әділет
7.Сәрсеналин Ернұр
8.Талмырзаев Бекарыс
Ағымдағы жылдың мамыр айының 22 күні колледж директоры Ж.Жұқатаева Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының 10 мырдағы № 25,26,27,28,29 санды анықтамалар негізінде аталған студенттердің ата – аналарына 10 мамырдағы № 5 педагогикалық кеңестің шешімімен олардың оқудан шығарылғандығы және 30 маусым күні диплом құжаттарының дайын болатындығы жөнінде хабарлап,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Сондай – ақ колледж қабырғасында жүріп түрлі іс – шараларға белсене қатысып,колледж мәртебесін көтеруде өз үлесін қосып,әскер қатарында борышын өтеп жүрген студенттеріміздін ата – аналарына өз елінің патриоты мен әрі жауапты тұлға ретінде адал ұл тәрбиелегендері і үшін “Алғыс хат”табыс етті.
Әр жыл сайын колледжімізден студенттер әскер қатарына көктемгі және күзгі мезгілдегі шақыртулар бойынша өз борыштарын өтеп келуде және әскер қатарына кеткен студенттеріміз абыройлы борыштарын атқарып, ел қорғауға деген қосқан үлестері үшін бізде мақтан етеміз.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *