Жаңа оқу жылына арналған кәсіптік бағдар жұмыс жоспарына сәйкес колледж директоры Ж.Ж.Жұқатаева арнайы іс – сапармен Ырғыз ауданында болды.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 3 жұлдызында жаңа оқу жылына арналған кәсіптік бағдар жұмыс жоспарына сәйкес колледж директоры Ж.Ж.Жұқатаева арнайы іс – сапармен Ырғыз ауданында болды.
Алдымен Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қ.Алдановпен кездесіп, кәсіптік бағдар бойынша жұмыс жоспарын бекітті.Ырғыз ауданы білім бөліміне қарасты № 1,2, Ырғыз гимназия және Ы.Алтынсарин атындағы мектептерді аралап, Ырғыз ауданына кәсіптік бағдар жұмысы бойынша бөлінген оқытушылар Ж.Көлденов,Ж.Жетесова және А.Бекбай жаңа оқу жылында ашылатын мамандықтарды 9-11 сынып оқушыларына насихаттап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшылығына кәсіптік бағдар жұмысына қолдау білдіргені үшін алғыс білдіреміз.